Негізгі мазмұнға өту
Geniuslab

Бөлшектер кітабы

Компоненттер анықтамалығы

Әр компоненттің қызметі, контактілері, қосылуы, блоктары және жиі кездесетін қателері.

  • 23 компонент
  • 20 сабақ
  • Әр картада — контактілер кестесі

Барлығы 23 компонент

Басқару

Плата, макет тақта және сен басатын, бұрайтын бөлшектер.

Arduino UNO

Arduino UNO

Басқару#uno

Arduino UNO R3 (ATmega328P)

Программаны орындайтын шағын компьютер: пиндері арқылы шамдарды, дыбысты, қозғалтқыштарды басқарады және датчиктерді оқиды.

Контактілері

КонтактҚайда жалғанады, не істейді
D0–D13Цифрлық пиндер: HIGH (5 В) не LOW (0 В). D0 мен D1 — компьютермен байланыс (бос қалдыр).
~3, ~5, ~6, ~9, ~10, ~11PWM пиндер: analogWrite (0–255) — жарықтылық пен жылдамдық.
A0–A5Аналог кірістер: 0–1023 мән (кернеу). Цифрлық пин ретінде де қолдануға болады.
5V, 3.3VҚорек: модульдерді қоректендіру.
GND«Жер» (минус). Барлық құрылғының GND-ы осыған жалғанады.

Қосылуы

  • USB кабелімен компьютерге қосылады — қорек те, программа да осы арқылы келеді.
  • Сымдарды ауыстырар алдында USB-ді ажырат.

Блоктары

  • пинін … режиміне орнат
  • пиніне … орнат
  • пинінің күйі
  • мәнін оқу
  • пиніне … жаз

Сабақтары

Жиі қателер

  • Компьютер платаны көрмейді: басқа кабель (тек қуат беретін кабельдер бар) не басқа USB порт қолданып көр.
  • D0/D1-ге құрылғы жалғанса, жүктеу сәтсіз болуы мүмкін.
Макет тақта

Макет тақта

Басқару#breadboard

Breadboard, 830 тесік

Дәнекерлемей схема жинауға арналған тақта.

Контактілері

КонтактҚайда жалғанады, не істейді
a–e бағаныБір бағанның (мысалы, 12) a, b, c, d, e тесіктері өзара жалғанған.
f–j бағаныОртадағы ойықтың арғы жағы — бөлек желі.
«+» және «−» жолақтарыҰзын жолақтар: бүкіл ұзындығы бойы жалғанған. Әдетте 5V және GND.

Қосылуы

  • Бір бөлшектің екі аяғын бір бағанға қойма — олар қысқа тұйықталады.

Блоктары

Блогы жоқ — тек схемада қолданылады.

Сабақтары

Жиі қателер

  • Аяқ тесікке толық кірмеген — байланыс жоқ.
  • Ортадағы ойықтың екі жағын бір желі деп ойлау.
Резистор

Резистор

Басқару#resistor

Резистор 220 Ом (қызыл-қызыл-қоңыр), 10 кОм (қоңыр-қара-қызғылт сары)

Токты шектейді (220 Ом — LED үшін) не кірісті тұрақты деңгейде ұстайды (10 кОм — батырма үшін).

Контактілері

КонтактҚайда жалғанады, не істейді
Екі аяқБағыты жоқ: кез келген жағымен қоюға болады.

Қосылуы

  • Түсті жолақтарынан мәнін анықта: 220 Ом мен 10 кОм-ды шатастырма.
  • 5 жолақты резистор: 220 Ом — қызыл, қызыл, қара, қара, қоңыр; 10 кОм — қоңыр, қара, қара, қызыл, қоңыр.

Блоктары

Блогы жоқ — тек схемада қолданылады.

Сабақтары

Жиі қателер

  • LED-ке 10 кОм қойылса — шам өте әлсіз жанады.
  • Батырмаға 220 Ом қойылса — артық ток кетеді.
Батырма

Батырма

Басқару#button

Тактілі батырма 6×6 мм (4 аяқ)

Басқанда екі контактіні жалғайды: Arduino басылғанын digitalRead арқылы біледі.

Контактілері

КонтактҚайда жалғанады, не істейді
АяқтарТөрт аяқтың екі жұбы ішінен жалғанған. Макет тақтаның ортасындағы ойықтың үстіне қой.

Қосылуы

  • 5V → батырма → пин (D2); пиннен GND-ға 10 кОм резистор (басылмаса LOW, басылса HIGH).
  • Не: батырма пин мен GND арасында, пин режимі INPUT_PULLUP (басылса LOW).

Блоктары

  • пинін INPUT / INPUT_PULLUP режиміне орнат
  • пинінің күйі
  • егер … әйтпесе

Сабақтары

Жиі қателер

  • 10 кОм резистор жоқ — шам өздігінен жанып-сөнеді.
  • Батырма бұрылып тұр — үнемі «басылған» болып тұрады.
Потенциометр

Потенциометр

Басқару#pot

B10K потенциометр (айнымалы резистор, 10 кОм)

Бұралатын тұтқа: бұрағанда ортаңғы аяқтағы кернеу 0-ден 5 В-қа дейін өзгереді.

Контактілері

КонтактҚайда жалғанады, не істейді
Шеткі аяқтарБіреуі 5V-қа, екіншісі GND-ға.
Ортаңғы аяқСигнал — аналог пинге (A0).

Қосылуы

  • A0 мәні 0…1023. PWM-ге беру үшін «түрлендір» блогымен 0…255-ке айналдыр.

Блоктары

  • A0 мәнін оқу
  • түрлендір

Сабақтары

Жиі қателер

  • Ортаңғы аяқ емес, шеткі аяқ A0-ге жалғанған — мән өзгермейді.
Джойстик

Джойстик

Басқару#joystick

KY-023 аналог джойстик модулі (GND, +5V, VRx, VRy, SW)

Екі ось (X, Y) — 0…1023 мән, ортасында ~512; басылатын батырма (SW).

Контактілері

КонтактҚайда жалғанады, не істейді
VRx, VRyA0, A1 — аналог мәндер.
SWБатырма — INPUT_PULLUP (басылса LOW).

Қосылуы

  • map() блогымен 0…1023-ті сервоның 0…180°-ына айналдыр.

Блоктары

  • A0 мәнін оқу
  • түрлендір
  • бұрышын орнат

Сабақтары

Жиі қателер

  • X пен Y ауысқан.
  • Ортасы дәл 512 емес — бұл қалыпты.
Пернетақта 4×4

Пернетақта 4×4

Басқару#keypad

Мембраналық Keypad 4×4 (8 сым: 4 жол, 4 баған)

16 перне: 0–9, A–D, *, #. PIN-код енгізу, мәзір.

Контактілері

КонтактҚайда жалғанады, не істейді
R1…R4Сол жақтағы 4 контакт — жолдар (курста D9…D6).
C1…C4Оң жақтағы 4 контакт — бағандар (курста D5…D2).

Қосылуы

  • Сымдарды ретімен жалға; басылған пернені айнымалыға сақтап, сосын тексер.

Блоктары

  • Пернетақта баптау
  • басылған перне
  • мәтіндерді біріктір
  • мәтіні … бірдей

Сабақтары

Жиі қателер

  • Басқа перне шығады — жол мен баған ауысқан.

Шығыс

Жарық, дыбыс және қозғалыс шығаратын бөлшектер.

Жарықдиод

Жарықдиод

Шығыс#led

LED 5 мм (қызыл, сары, жасыл)

Ток өткенде жарық береді.

Контактілері

КонтактҚайда жалғанады, не істейді
Анод (+)Ұзын аяқ — пинге (резистор арқылы) жалғанады.
Катод (−)Қысқа аяқ, корпустың тегіс жағы — GND-ға.

Қосылуы

  • Әрқашан резистормен (220 Ом) тізбектей қос.
  • Пин → LED анод → LED катод → резистор → GND (не резистор анод жағында — бәрібір).

Блоктары

  • пиніне HIGH/LOW орнат
  • пиніне … жаз (PWM жарықтылық)

Сабақтары

Жиі қателер

  • Керісінше қойылған — жанбайды (бұзылмайды, бұрып қой).
  • Резисторсыз — LED пен пин күйіп кетуі мүмкін.
RGB жарықдиод

RGB жарықдиод

Шығыс#rgb

RGB LED 5 мм, ортақ катод

Ішінде үш шам (қызыл, жасыл, көк): олардың жарықтылығын араластырып, кез келген түс аласың.

Контактілері

КонтактҚайда жалғанады, не істейді
RҚызыл — PWM пинге (резистор арқылы).
Ең ұзын аяқОртақ катод (−) — GND-ға.
GЖасыл — PWM пинге.
BКөк — PWM пинге.

Қосылуы

  • Әр түске өз 220 Ом резисторы.
  • Аяқтар реті: R, ең ұзын аяқ (−), G, B. Ең ұзын аяқ GND-ға жалғанады.

Блоктары

  • пиніне … жаз (0–255)
  • түрлендір (map)

Сабақтары

Жиі қателер

  • PWM жоқ пин таңдалған (мысалы, D7) — түс араласпайды.
  • Түстер ауысып кеткен — аяқтардың ретін тексер.

RGB түс таңдағышы

Алдын ала көрініс

Дайын түсті таңда не R, G, B мәндерін жылжыт.

R = 255, G = 120, B = 0Қызғылт сары

Экрандағы түс нақты жарықдиодтың әрекетін растамайды: шамның өзіне қарап тексер.

Зуммер

Зуммер

Шығыс#buzzer

Пассивті зуммер (пьезо)

Берілген жиіліктегі дыбыс шығарады: tone() блогымен әуен мен дабыл жасалады.

Контактілері

КонтактҚайда жалғанады, не істейді
+Сигнал пинге (D8).
−GND-ға.

Қосылуы

  • Пассивті зуммер керек: белсенді зуммер тек бір дыбыс шығарады.

Блоктары

  • пинінде … Hz дыбыс шығар
  • пиніндегі дыбысты тоқтат

Сабақтары

Жиі қателер

  • Дыбыс тоқтамайды — «дыбысты тоқтат» блогы жоқ.
  • Дыбыс шыққанда D3/D11 PWM жұмыс істемейді (Timer2).
Сервоқозғалтқыш

Сервоқозғалтқыш

Шығыс#servo

SG90 (сымдар: қоңыр −, қызыл +, қызғылт сары сигнал)

Білігін 0–180° бұрышқа бұрып ұстап тұрады: шлагбаум, есік, механизм.

Контактілері

КонтактҚайда жалғанады, не істейді
ҚоңырGND.
Қызыл5V.
Қызғылт сарыСигнал — кез келген цифрлық пин.

Қосылуы

  • Серво қозғалғанда Arduino қайта жүктелсе — USB қорегі жетпейді: бөлек 5 В қорек керек.

Блоктары

  • Servo баптау
  • бұрышын … ° етіп орнат

Сабақтары

Жиі қателер

  • Дірілдейді — қорек жетпейді не сигнал сымы нашар.
  • Servo қосулы кезде D9/D10-дағы PWM жұмыс істемейді.
  • Білікті қолмен күштеп бұрау — ішіндегі пластик тістерді сындырады.

Датчиктер

Жарықты, дыбысты, температураны, отты, суды сезетін бөлшектер.

Фоторезистор

Фоторезистор

Датчиктер#ldr

Фоторезистор (LDR) + 10 кОм резистор (кернеу бөлгіш)

Жарық түскенде кедергісі азаяды: аналог пинде жарық деңгейін 0…1023 сан ретінде аласың.

Контактілері

КонтактҚайда жалғанады, не істейді
Екі аяқБағыты жоқ. Бір аяғы 5V-қа, екіншісі A0-ге және 10 кОм арқылы GND-ға.

Қосылуы

  • 5V → фоторезистор → A0 ← 10 кОм → GND.
  • Шамнан алыс қой: шамның өз жарығы өлшемді бұзады.

Блоктары

  • A0 мәнін оқу
  • салыстыру
  • егер … әйтпесе
  • түрлендір

Сабақтары

Жиі қателер

  • 10 кОм резистор жоқ — мән үнемі 1023 маңында.
  • A0 сымы фоторезистор мен резистор түйіскен нүктеде емес.
Дыбыс датчигі

Дыбыс датчигі

Датчиктер#sound

KY-038 дыбыс модулі: микрофон + күшейткіш (AO, G, +, DO)

Дыбыстың қаттылығын сезеді: шапалақ, айқай. AO — аналог мән, DO — шекті мәннен асқанда сигнал.

Контактілері

КонтактҚайда жалғанады, не істейді
AOАналог шығыс — A0-ге.
GGND.
+5V.
DOЦифрлық шығыс (модульдегі бұрағышпен бапталады) — курста қолданылмайды.

Қосылуы

  • AO → A0, G → GND, + → 5V.

Блоктары

  • A0 мәнін оқу
  • логикалық айнымалы
  • ЕМЕС

Сабақтары

Жиі қателер

  • DO жалғанған — мән тек 0 не 1023.
  • Бір шапалақ бірнеше рет саналады — 300 мс күту керек.
DHT11 датчигі

Температура мен ылғалдылық датчигі

Датчиктер#dht

DHT11 модулі (VCC, DATA, GND)

Ауаның температурасын (0–50 °C) және салыстырмалы ылғалдылығын (20–90 %) өлшейді.

Контактілері

КонтактҚайда жалғанады, не істейді
VCC5V.
DATAДерек — кез келген цифрлық пин (курста D4).
GNDGND.

Қосылуы

  • VCC → 5V, DATA → D4, GND → GND.
  • Өлшемдер арасында кемінде 2 секунд.

Блоктары

  • DHT датчигін баптау
  • өлшемдерін жаңарт
  • температурасы
  • ылғалдылығы
  • өлшемі сәтті

Сабақтары

Жиі қателер

  • Монитор «Датчик қатесі» — DATA сымы не қорек жалғанбаған.
  • Жиі өлшеу — DHT11 үлгермейді.
От датчигі

От датчигі

Датчиктер#flame

KY-026 жалын (ИҚ) датчигі модулі (AO, G, +, DO)

Жалынның инфрақызыл сәулесін сезеді. Оқу жобасы — кәсіби өрт қауіпсіздігі жүйесін алмастырмайды.

Контактілері

КонтактҚайда жалғанады, не істейді
AOАналог мән — A0.
G, +GND, 5V.

Қосылуы

  • Теледидар пультінің ИҚ сәулесімен қауіпсіз тексер. Күн сәулесі де әсер етеді.
  • Нағыз от — тек ересек адамның жанында. Шырпы мен оттықты өзің жақпа.

Блоктары

  • A0 мәнін оқу
  • дыбыс шығар
  • егер

Сабақтары

Жиі қателер

  • Мән тек 0 не 1023 — A0-ге DO жалғанған.
  • Үнемі дабыл — датчик терезеге қараған.
Су датчигі

Су датчигі

Датчиктер#water

Су/жаңбыр деңгейі датчигі (S, +, −)

Жолақтарға су тигенде аналог мән өседі: ағуды, деңгейді анықтайды.

Контактілері

КонтактҚайда жалғанады, не істейді
SA0.
+, −5V, GND.

Қосылуы

  • Тек жолақты бөлігін суға батыр; тәжірибеден кейін құрғат.
  • Суды Arduino-дан алыс ұста. Су төгілсе — бірден USB-ді ажырат.

Блоктары

  • A0 мәнін оқу
  • егер
  • дыбыс шығар

Сабақтары

Жиі қателер

  • Құрғақта да мән жоғары — датчик сулы не саусақпен ұсталған.

Дисплейлер

Сан, мәтін және сурет көрсететін экрандар.

LCD дисплей

LCD экраны

Дисплейлер#lcd

LCD 1602 + PCF8574 I2C модулі (GND, VCC, SDA, SCL); адресі 0x27 не 0x3F

2 жол × 16 таңба: мәтін мен сандарды көрсетеді.

Контактілері

КонтактҚайда жалғанады, не істейді
GND, VCCGND және 5V.
SDAA4 (I2C дерек).
SCLA5 (I2C такт).

Қосылуы

  • Тек 4 сым: I2C шинасы. A4/A5-ке басқа құрылғы жалғама (RTC сияқты I2C құрылғылары ғана).

Блоктары

  • LCD баптау
  • экранына: жол, баған — жаз
  • экранын тазала

Сабақтары

Жиі қателер

  • Экран бос — артындағы көк контраст бұрағышын бұра. Болмаса, адресті 0x3F ет.
  • Қазақша әріптер □ болып шығады — латынша жаз.
7-сегментті индикатор

Бір разрядты индикатор

Дисплейлер#seg7

SC56-11EWA (ортақ катод, 10 аяқ, қызыл)

a…g сегменттерін жағып, бір цифрды не әріпті көрсетеді.

Контактілері

КонтактҚайда жалғанады, не істейді
Жоғарғы аяқтарСолдан оңға: g, f, COM, a, b.
Төменгі аяқтарСолдан оңға: e, d, COM, c, DP (нүкте төменгі оң жақта).
COMОртақ катод — екеуі іште қосылған; біреуі 220 Ом арқылы GND-ға.

Қосылуы

  • Макет тақтаның ойығының үстіне қой: аяқ қатарларының арасы 6 тесік, жоғарғы аяқтар c, төменгілері g қатарына.
  • D2…D8 → a…g, COM → 220 Ом → GND.

Блоктары

  • 7-сегмент баптау
  • цифрын көрсет
  • сегменттері
  • индикаторын сөндір

Сабақтары

Жиі қателер

  • Цифрлар бұрмаланған — индикатор төңкерілген не сегмент сымдары ауысқан.
  • Ештеңе жанбайды — COM резисторы GND-ға жетпеген.
4-разрядты индикатор

Төрт разрядты индикатор

Дисплейлер#seg4

TM1637 4-разрядты модулі, ортасында қос нүкте (CLK, DIO, VCC, GND)

Төрт цифр және «12:34» сағат түрі. TM1637 микросхемасы көрсеткенін өзі ұстап тұрады — тек 2 сым.

Контактілері

КонтактҚайда жалғанады, не істейді
CLKТакт (курста D2).
DIOДерек (курста D3).
VCC, GND5V және GND.

Қосылуы

  • CLK → D2, DIO → D3. Батырмаларды D4, D5-ке INPUT_PULLUP режимімен қос.

Блоктары

  • 4-разрядты индикатор (TM1637) баптау
  • санын көрсет
  • уақыт мм:сс көрсет
  • индикаторын сөндір

Сабақтары

Жиі қателер

  • Ештеңе жанбайды — CLK мен DIO ауысқан не VCC жалғанбаған.
  • Әлсіз жанады — баптаудағы жарықтықты арттыр.
LED матрица 8×8

LED матрица 8×8

Дисплейлер#matrix

1088AS 8×8 матрица + MAX7219 модулі (VCC, GND, DIN, CS, CLK)

64 нүкте: сурет, әріп, анимация. MAX7219 драйвері 3 сыммен бүкіл матрицаны басқарады.

Контактілері

КонтактҚайда жалғанады, не істейді
DINДерек (D12).
CSТаңдау (D10).
CLKТакт (D11).
VCC, GND5V және GND.

Қосылуы

  • Модульдің кіріс (IN) жағын қолдан.
  • Кадр — 8 байт: әр жол бір байт, 1 — жанады. Кадрды «Құралдар» → «8×8 матрица редакторынан» ал.

Блоктары

  • LED матрица (MAX7219) баптау
  • кадр … мс көрсет
  • матрицасын сөндір

Сабақтары

Жиі қателер

  • Сурет айналып көрінеді — модульді бұр не кадрды редакторда бұр.
  • Ештеңе жанбайды — DIN/CS/CLK ауысқан не шығыс (OUT) жағына жалғанған.

Модульдер

Пульт, карта және сағат сияқты дайын модульдер.

ИҚ қабылдағыш

ИҚ қабылдағыш

Модульдер#ir

VS1838B (38 кГц; OUT, GND, VCC) және 21 батырмалы NEC пульті

Пульттің батырмасын кодпен (мысалы, 0xFF30CF) танып, әрекет орындайды.

Контактілері

КонтактҚайда жалғанады, не істейді
OUTТек D2 не D3 (үзіліс пиндері).
GND, VCCGND және 5V. Күмбезі өзіңе қарап тұрса: OUT, GND, VCC — солдан оңға.

Қосылуы

  • Жаңа пульттің батарейка пленкасын суырып ал.
  • Алдымен батырмалардың кодын мониторға шығарып ал, сосын «мәніне қарай таңда» блогында қолдан.

Блоктары

  • ИҚ қабылдағышты баптау
  • жаңа команда келді
  • команда коды
  • команда коды (0x… мәтін)

Сабақтары

Жиі қателер

  • Ештеңе келмейді — пульттің батарейкасы не OUT сымы.
  • Қабылдағыш қызады — VCC мен GND ауысқан: бірден ажырат.
RFID-RC522

RFID оқығыш

Модульдер#rfid

RFID-RC522 модулі, 13,56 МГц (қорегі 3.3 В!)

Карта мен брелоктың UID нөмірін оқиды: электрондық құлып, тіркеу.

Контактілері

КонтактҚайда жалғанады, не істейді
SDA (SS)D10.
SCK, MOSI, MISOD13, D11, D12 — SPI.
RSTD9.
3.3V, GND3V3 пині (5V емес!) және GND.

Қосылуы

  • Қорегі — тек 3V3 пиніне.
  • D11–D13 пиндерін басқа құрылғыға берме.
  • Контакт аяқтары дәнекерленбеген болса — мұғалімге дәнекерлетіп ал.

Блоктары

  • RFID-RC522 баптау
  • жаңа карта оқыды
  • картасының UID нөмірі

Сабақтары

Жиі қателер

  • 5V-қа жалғанса модуль бұзылады.
  • Карта оқылмайды — SPI сымдары ауысқан.
RTC сағат модулі

Нақты уақыт сағаты

Модульдер#rtc

RTC модулі DS3231, I2C, батарейкасы бар

Ток өшсе де уақытты сақтайды: сағат, минут, секунд, күн, ай, жыл.

Контактілері

КонтактҚайда жалғанады, не істейді
SDA, SCLA4, A5 (I2C).
VCC, GND5V, GND.

Қосылуы

  • Уақытты бір рет орнатып, «уақытын орнат» блогын өшір де, қайта жүкте.

Блоктары

  • RTC баптау
  • уақытын орнат
  • уақытын оқы
  • сағаты / минуты / …

Сабақтары

Жиі қателер

  • Уақыт әр қосылғанда басынан басталады — орнату блогы қосулы қалған.
  • 2000 жыл — модуль табылмады (SDA/SCL).